Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылады

0
103

 

 ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан  Республикасының  Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы . Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  қайта құрылсын. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі  қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін», – делінген Жарлық мәтінінде.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратымен бірлесіп бір ай мерзімінде агенттіктер туралы ережелердің жобаларын,  іске асыру жөнінде барлық  шараларын қабылдасын. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз