Жыл басынан бері қылмыс саны қанша пайызға азайды?

0
162

Жыл басынан бері Республикадағы қылмыс саны 8%-ға, қылмыстық теріс қылықтар 15%-ға төмендеген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Аса ауыр (-5%), және ауыр қылмыстар (-17%), орташа (-8%) және ауыр емес қылмыс
түрлерінің саны (-10%) қысқарды. Тонау (-10%), бұзақылық (-17%), ұрлық (-9%), сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыстар (-8%), соның ішінде көшелердегі қылмыс (-5%), төмендеді. Бұрын сотталғандар тарапынан орын алатын қылмыс -35%, мас күйінде жасалатын (-11%) және жасөспірімдер қылмысы (-4%) да аз тіркелді. Дегенмен, ұрлық саны бұрынғыша ең көп таралған қылмыс түрі болып отыр. Оның үлесі жалпы қылмыс көрсеткіші ішінде 70%-ті құрайды.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қайталап қылмыс жасаудың алдын алу бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 30%-дан астамы бұрын сотталғандар, олардың әрбір бесіншісі соттылығы аяқталмағандар болып табылады. Осыған байланысты ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі колонияларда жазаларын өтеп жатқан сотталғандардың бостандықтағы өмірге бейімделуіне жағдай жасауда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз