Алексей Цой карантинді желтоқсан мен қаңтар айына жоспарлап отыр

0
138
Алексей Цой. Photo: primeminister.kz

7 қазан күні “коронавирустың екінші толқыны” талқыланған жиында Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинге қатысты 3 түрлі болжам сценарий ұсынды.

“Пессимистік сценарий бойынша, халықтың 60% маска тақса, қазан-желтоқсан айларында шамамен 190 мың адам вирус жұқтыруы мүмкін, 65 мың адам ауруханаға жатуға мәжбүр болады. Бұл жағдайда локдаун желтоқсан айының ортасында енгізілуі мүмкін”, – деді министр Цой.

Цойдың сөзінше, “Реалистік сценарий” бойынша, жұрт арақашықтық сақтап, 70 пайызы маска тақса, қазан-желтоқсанда 90 мыңдай адам вирус жұқтырып, 30 мыңын ауруханаға жатқызуға “тура келеді”. Бұл жағдайда “қаңтарда локдаун енгізілуі мүмкін”.

Министр Цой егер жұрттың 100 пайызы маска тағып жүрсе, қатаң карантин болмайтынын, қазан-желтоқсанда шамамен 40 мың адамға вирус жұғып, 15 мың адам ауруханаға түсетінін айтады.

Министрдің сөзінше, елдегі ауруханалардың 70 пайызы толса, қатаң карантин жариялау керек болады.

7 қазандағы ресми дерек бойынша, Қазақстанда 142 мыңнан аса адам індетке шалдығып, 2100-ден аса адам қайтыс болды. Бұл есепке анализінен коронавирус табылғандар да; анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген. 131 мың адам дерттен айықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз