Қазақстанда вирустан жазылғандар саны 104 мыңнан асты

0
130

Қазақстанда өткен тәулікте 162 адам вирустан жазылып шықты. Пневмония мен коронавирустан бір күнде 5 адам көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 10
  • Шымкент қаласы – 21
  • Алматы облысы – 4
  • Атырау облысы – 48
  • Батыс Қазақстан облысы – 18
  • Қарағанды облысы – 9
  • Қостанай облысы – 5
  • Маңғыстау облысы – 46
  • Павлодар облысы – 1

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 104203.

Ал, өткен тәулікте 70 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 3
  • Алматы қаласы – 9
  • Шымкент қаласы – 4
  • Ақмола облысы – 5
  • Атырау облысы – 8
  • Шығыс Қазақстан облысы – 11
  • Жамбыл облысы – 2
  • Батыс Қазақстан облысы – 5
  • Қарағанды облысы – 6
  • Қостанай облысы – 4
  • Павлодар облысы – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 12

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108901.

Қазіргі уақытта коронавируспен науқастанған 2 927 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 77 бала бар. Стационарларда 2 103 науқас жатыр. 824 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 85 адамның ахуалы нашар, 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 4 адам анықталған. 10 науқас дерттен айығып шықты.1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 34 913 адамға жеткен, 370 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 27 709 жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз