Өткен тәулікте тағы 600-ге жуық қазақстандық коронавирус жұқтырды

0
112

Қазақстанда өткен тәулікте 568 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 117 904 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

11 қараша таңертеңгі ақпаратта 568 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 237 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 218 адам індеттен жазылып, барлығы 108 387 адамға жетті. Ал, 6 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1911 адам өлді.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 37
Алматы қаласы – 30
Шымкент қаласы – 3
Ақмола облысы – 45
Ақтөбе облысы – 7
Алматы облысы – 14
Атырау облысы – 7
Шығыс Қазақстан облысы – 237
Жамбыл облысы – 5
Батыс Қазақстан облысы – 24
Қарағанды облысы – 12
Қостанай облысы – 61
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 52
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 2

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 57
Ақмола облысы – 19
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 8
Атырау облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 81
Батыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 11
Қостанай облысы – 9
Қызылорда облысы – 6
Павлодар облысы – 15
Түркістан облысы – 2

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 242 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 83 адам. Осылайша елде пневмонияны 39 357 адам жұқтырып, 29 286 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз