Депутаттардың еңбек ақысы көтерілмейді: Бақыт Сұлтанов

0
74

Бүгін Үкімет отырысында ҚР «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңын түсіндіруді талқылау барысыyда ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Қарулы күштердің құқық қорғау органдары қызметкерлері мен депутаттардың жалақысын көтеру үішн 33,1 млрд. теңге бөлінетін болды», деген мәлімдемедегі депутаттардың жалақысы туралы қайта мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Қазақпарат

Қаржы министрі «Жалақыға қатысты барлық сұрақтарды бір сөйлем ішіне кірістіріп мәлімдегенім үшін өкініш білдіремін. Сол үшін де анығын айтып кеткім келеді дей отырып, 33,1 млрд. теңге соманың негізгі көлемі – 32,5 млрд. теңге – ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жалақысын 25% -ға арттыруға бөлінетін болады. Депутаттарға келетін болсақ, осы жылдың көктемде іске  асырылғын парламентшілердің жалақыларын мемлекеттік қызметкерлердің басқа санаттарына теңестіру жүргізу мақсатында 640 млн теңге аударылған болатын. Сол себепті де қазіргі уақытта депутаттардың жалақысын қайта көтеру туралы мәселе қозғалмайды», деп мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз