Елбасы Сочиде өткен саммитте Путинмен не жайында күбірлесті?

0
61

Сочиде өткен ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) мемлекет басшыларының кездесуі аясында Ресей Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жеке сөйлесуге шақырды. Әлеуметтік желіде президенттердің сөйлесіп жатқан видеосы тарағанымен, нақты не туралы әңгімелескендері естілмейді.

Тенгриньюс таратқан хабар бойынша, фейсбукте Михаил Вознюк есімді қолданушы «Қорқу керек пе, әлде қуану керек пе білмеймін» деген пікірмен мемлекет басшыларының сыбырласа сөйлескенін көрсететін видеомен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның 10-11 аралығында Сочиде ТМД елдері басшыларының кездесуі өтті.

ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі барысында Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-дағы қызметтердің еркін саудасы туралы келісім жобасының іске асуын жандандыруды ұсынды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз