Шанхай ұйымы министрлері Пекинде кездеседі

0
87

18 сәуірде Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің СІМ басшылары 24 сәуір Пекинде кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Хуа Чуньин мәлімдегендей, бұл өткен жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеңеюінен кейін өткізілгелі отырған алғашқы кездесу. Министрлер Циндаода өтетін ШЫҰ саммитіне дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында кездеседі.

Кездесуге Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Өзбекстанның сыртқы істер министрлері, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Әлимов және ШЫҰ АТК Атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоев қатысады.

Еске сала кетейік, биыл ШЫҰ-на Қытай төрағалық етеді. ШЫҰ мемлекеттері басшыларының саммиті маусым айында Қытайдың Циндао қаласында өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз