Қырғызстан өз өнімдеріне балама нарық іздейді

0
98

Қырғызстан қазақ-қырғыз шекарасындағы келеңсіздіктерге байланысты өз өнімдеріне балама нарық іздейді. Қырғызстанның экономика министрі Артем Новиков  Өзбекстанның Қырғызстан тауарларын сатып алуға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Сa-news.

Новиков Ташкентте бірқатар екі жақты келісімшарттарға қол қойылғанын және алдағы уақытта Қырғызстан Өзбекстанға картоп, сүт өнімдері мен тас және көмір ұсына алатынын айта кетті.

Сондай-ақ жақын күндерде өзбек әріптестермен іскерлік сұхбаттасу болатынын, сонымен қоса қытайлық әріптестермен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатынын қоса кетті.

Қырғызстан президенті А.Атамбаев Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан  теміржол торабын салудың өзектілігін атай отырып, үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы тез бұзылатын өнімдердің мәселесін балама нарықпен шешуді тапсырған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз