Жоғарғы сот төрағасы тағайындалды

0
129

Асанов Жақып Қажманұлы ҚР Жоғарғы Сот төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақпарат Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Жақып Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін, 1985 жылы Қызылорда облыстық қорғаушылар коллегиясының стажері болып қабылданады.

1986 жылдан – Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі міндетін атқарушы, прокурордың аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратура бөлімінің бастығы.

1993 жылдан – жалпы бақылау басқармасының аға прокуроры. Сол жылдың жылдың қазан айынан бастап – ҚР Бас прокуратурасының жалпы бақылау басқармасының бақылау органдарында банктер, қаржы-несие қатынастары туралы заңнаманың орындалуын қадағалау бойынша бөлім бастығы қызметін атқарды.

1996 жылдан – ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

1996 жылдан – ОҚО бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.  

1997 жылдан – ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, бастықтың орынбасары, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.  

2001 жылдан – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, 2002 жылдан – Павлодар облысының прокуроры, 2003 жылдан – ҚР Әділет вице-министрі болып қызмет атқарды.

2005 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін – «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2006 жылдан – «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті.

2007-2011 жж. – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

2016 жылдың 25 сәуірінен – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметін атқарды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз