Қазақстан мен Ресей өңіраралық форумы 2019 жылы Омбыда өтеді

0
158
көрнекі сурет

Қазақстан мен Ресей арасындағы келесі кезекті өңіраралық форумы 2019 жылы Ресейдің Омбы қаласында өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Өткен аптада Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XV өңіраралық форумда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспарына қол қойған болатын. Бұл құжат саяси экономикалық, мәдени гуманитарлық және басқа да салаларда екі елдің практикалық өзара іс қимылын одан әрі тереңдетуді көздейді.

Аталған іс шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік саладағы өзара іс қимылды кеңейту, оның ішінде екі елдің іскер топтары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету арқылы туризмнің алуан түрін дамытудың және алға жылжытудың озық тәжірибиесімен алмасу туристік индустрияға өзара инвестициялардың келуін ынталандыру болып табылады.

Форумда екі ел басшылары 35-ке жуық құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде 3 үкімет аралық, 3 ведомство аралық, 10 өңіраралық және 9 коммерциялық сипаттағы құжаттар бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз