Дариға Назарбаева Ресейде қырғыз сенатының спикерімен кездесті

0
104
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мен қырғыз парламентінің спикері Дастанбек Жумабеков.

18 сәуір күні қырғыз парламентінің спикері Дастанбек Жумабеков пен Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербургте өтіп жатқан ТМД парламентаралық ассамблеясының жиыны аясында кездесті. Бұл туралы Жогорку кеңеш баспасөз қызметі хабарлады. 

Жогорку кеңеш баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жумабеков “өзара серіктестік, өзара пайда мен қолдау қағидаларына негізделген барлық бағыт бойынша Қырғызстан Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға ерекше мүдделі екенін” айтқан.

Қырғызстан мен Қазақстанның парламент делегациялары.

Жумабековтің сөзінше, Бішкек пен Нұр-Сұлтан арасында “саяси-экономикалық диалог бар”. Ол “Қырғызстан сенаты – бауырлас елдер қатынасын тату көрші ретінде нығайтудың бірден-бір қолдаушысы” деген.

Бішкек таратқан хабарламада “Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева екі ел арасындағы парламентаралық қатынасты дамыту қажеттігі жайлы айтты” деп жазылған.

Қазақстан сенатының сайты Назарбаеваның Санкт-Петербургтегі ТМД парламентаралық ассамблеясының шараларына қатысып жүргенін хабарлаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз