Дариға Назарбаева – Сенат төрайымы

0
133
дереккөзден

Дариға Назарбаева ҚР Сенатының төрайымы болды. Назарбаева палата депутаттарының жасырын дауыс беруі нәтижесінде сайланған. 44 депутаттың 44-де Назарбаеваны қолдап дауыс берген.

Дауыс берудің алдында сенатор Бірғаным Айтымова “біз Парламент Сенатының төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны сайлау туралы ұсынысты қолдаймыз”, – деді деп жазады Tengrinews.kz.

Өз кезегінде жасырын дауыс беру есеп комитетінің төрағасы Төлеубек Төлеу дауыс беруге 44 депутаттың қатысқанын және олардың бәрі кандидатураны қолдағандарын хабарлады.

Бұған дейін Назарбаева Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрайымы болған еді.

Д.Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша тарихшы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі.Саясат ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

Мәжіліс төрағасының орынбасары, премьер-министрдің орынбасары болды. Кейіннен Парламент Сенатының депутаты атанды.

“Парасат”, ІІ дәрежелі “Барыс” орденімен, Франция Республикасының әдебиет және өнер, “Нұр Отан” ХДП “Белсенді қызметі үшін” медалімен, ҚР Конституциялық кеңесі “Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін” мерейтойлық медалімен марапатталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз