Ғизат Нұрдаулетов бас прокурор қызметіне тағайындалды

0
249
ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов. Сурет: tengrinews

18 наурыз күні Ғизат Нұрдаулетов ҚР бас прокуроры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Ғизат Нұрдаулетов 1964 жылы 11 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеген, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында, 1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен.

2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, 2013 жылдың 6 мамырында ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры болды. Кейін 2016 жылдың қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы қызметіне келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз