Кәрім Мәсімов әкесі жайлы естелік кітап жазды

0
254
Қажымқан Мәсімов

Кәрім Мәсімов әкесі жайлы қазақ тілінде “Тамыр” атты естелік кітап жазды. Кітапты онлайн мына жерден оқуға болады. Кітаптың алғысөзін белгілі қайраткер әрі ғалым Мырзатай Жолдасбеков жазған.

“Таяуда әкеме арнап кітап жаздым. Біздің әулетіміздің тамыры, өмірі баяндалады. Сондықтан оны әулеттің тарихы деуге болады. Өзіңіз білесіз, қазақ халқы шежіреге көп мән береді. Ата-бабаң кім, әке-шешең қандай болған? Бұл балаларға аманат болып қалады. Соның ішінде әкеге сағыныш бар. Сондықтан әулеттің терең тамырымен жалғайтын кітап “Тамыр” деп аталады. Кезінде әкемнің айтқандарына көп мән бермедім, қазір әкемнен айырылғаннан кейін бәрін ой елегінен өткіздім. Бұл кітап солай дүниеге келді”, – дейді Кәрім Мәсімов кітабы жайлы.

Кітапта 8 тарау бар. Онда Кәрім Мәсімов өз туыстары мен жақындары жайлы әңгімелейді. Сондай-ақ, өзінің туған ауылы Ақсуға арнайы тарау арнаған. Мұнымен қатар, ҰҚК басшысы отбасылық өмірінің оқиғаларын естелік ретінде жазған.

Қоғам қайраткері Қажымқан Мәсімов 2019 жылғы сәуірдің басында қайтыс болған еді. 18 сәуірде ол 80-ге келер еді. 2016 жылдың қарашасында Қажымқан Мәсімов Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының президенті болып сайланған.

“Мәсімов сауықтыру орталығы” ЖШС бас директоры әрі Қазақстан йога ассоциациясының басшысы болған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз