Маккейн Путин мен Трампқа “үндеу” қалдырды

0
41
дереккөзден

Сенатор Джон Маккейн РФ президенті Владимир Путинге және АҚШ басшысы Дональд Трампқа “үндеу” қалдырған. Бұл туралы РИА Новости АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі Саманта Пауэрге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Пауэр Маккейн өзінің жаназасының “әр деталін” тыңғылықты түрде жоспарлағанын Пауэр өзінің Twitter парақшасында жазады. Пауэр қайтыс болған сенатордың рәсімге Украина басшысы Петр Порошенконы да тегін шақырмағандығын жазады, және сенатордың Порошенкоға НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтың жанына жайғасуына ниетті болғандығы да тегін емес дейді.

“Владимир Путин мен Дональд Трампқа қоштасу хаты: Америка өз достары мен одақтастарының жанында қалады”, – деп жазып қалдырған марқұм болған сенатор.

Сенатор Джон Маккейн АҚШ-тың ең ықпалды саясаткерлерінің бірі болды. 1982 жылдан Маккейн палата өкілдерінің мүшесі, кейіннен сенатор болды. Маккейн осы жылдың 25 тамызында 81 жасында дүниеден өтті. Бірнеше жылдар қатарынан ол ми ісігі сырқатымен күресті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз