Орталық сайлау комиссиясы қаулы бекітті

0
324
ҚР ОСК мүшелерінің отырысы

15 сәуір күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында бірнеше қаулы қабылданды. 

Орталық комиссияның шешіміне сәйкес “Президенттікке кандидатты  қолдап қол жинауды, олардың дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру туралы”, “сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы” екі қаулы қабылданды.

Қаулы жобаларын көпшілікке ҚР ОСК мүшелері  Ақылбек Жәмелұлы Ихданов пен Сәбила Сапарқызы Мұстафин мәлімдеді.

Осы аптадан бастап ОСК сайтында учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, халықаралық ұйымдар және шетелдік БАҚ өкілдеріне, президенттікке үміткерлерге және олардың сенім білдірген адамдарына арналған жаңартылған әдістемелік құралдар орналастырылатын болады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз