ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды

0
106
Самат Қуанышұлы Гилимов. Сурет: primeminister.kz

12 наурызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Көлік комитетінің төрағасы лауазымына Самат Қуанышұлы Гилимов тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

С. Гилимов 1964 жылы Атырау облысында туған. Еңбек Қызыл Ту ордені атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2017 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз