Сыртқы істер министрі ауысты

0
63
Бейбіт Атамқұлов

26 желтоқсан күні Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі басшылығына Бейбіт Атамқұлов тағайындалды. Елбасының жарлығын ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев еліміздің таныстырды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын», – делінген Әсет Исекешев жария еткен Елбасының Жарлығында.

Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербор мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған.

2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз