Тоқаев Шымкенттің жаңа әкімін қабылдады

0
83
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Айтаханов.

2 тамыз күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жаңа әкімі Ерлан Айтахановпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, 30 шілде күні Шымкентке жаңа әкім тағайындалған еді. Президенттің жарлығымен осы кезге дейін Түркістан облысының Отырар ауданын басқарған Ерлан Айтаханов Шымкент әкімі болып тағайындалып, Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен босатылды. Президент Әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың “сенімнен айырылғанын” айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз