Тоқаев: Сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажет

0
79
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.

18 сәуір күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдап сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Мемлекет басшысына министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдарды жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесі талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз