Футболдан ұлттық құрама Латвияны қабылдайды

0
131

15 қараша күні Астана уақытымен сағат 21:00-де “Астана Аренада” Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы кезекті ойынын Латвияға қарсы өткізеді.

Екі құрама да плей-оффқа шығудан күдер үзді делінген 24.kz таратқан ақпаратта. Сондықтан маңызы шамалы ойында Болгариялық маман бірнеше футболшыға мүмкіндік беріп, олардың қарым-қабілетін байқап көрмекші. Кешегі жаттығуда Еркебұлан Сейдахмет жарақат алды. Сондықтан ол  Германияға емделуге кетуі мүмкін.

Латвияға қарсы Постников пен Вороговский де ойнамайды. Бас бапкер қақпашыларды да сынап көреміз дейді. Латыштарға қарсы матчта Ненад Эрич алаңға шықса, Грузиямен болатын кездесуде өзгелерге мүмкіндік бар. Алайда ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар өздерін жақсы қырынан көрсетуі тиіс. Стойлов ешкімге бүйрегі бұрмайтынын айтып, бәсекеге төтеп беретіндер ғана ұлттық құрама жейдесін киетінін атап өтті.

“Ұлттық құрамаға лайықты ойыншылар ғана шақырту алады. Қазақстан чемпионатындағы футболшылар тек доп теуіп жүр. Оларда өсу жоқ. Латвияға қарсы басқа жігіттерді шығарып көремін. Латыштар алғашқы матчта жақсы ойын көрсетті. Ең бастысы  алаңдағы жағдайды бақылауға алып, өз ойынымызды көрсетуге ұмтыламыз”, – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз