Роналду “Реалдан” неге кетті?

0
186

Оқи отырыңыз: Реал Роналдусыз қалуы мүмкін

Роналдудың Реал Мадридтен кетер алдында жанкүйерлерге жазған хатынан…

“Реалдағы күндерім өмірімнің ең бақытты сәттері еді. Бұл клубқа, жанкүйерлерге және Мадридтей қалаға алғысым шексіз. Маған көрсетілген есепсіз құрметке, қолдауға рахмет айтамын.

Өміріме жаңа бір серпін, өзгеріс енгізетін сәт келген секілді. Сондықтан Реал басшылығына маған келген ұсынысқа қарсылық танытпауын сұрадым. Бұл менің таңдауым, әсіресе жанкүйерлерден таңдауыма түсіністік танытуын өтініп сұраймын.

Реалмен теңдессіз тоғыз жылды бірге өткіздік. Клуб талабы қатаң болғандықтан уақыт қиын да қызықты өтті. Мұндағы футболдан алған әсерді ешқашан ұмыту мүмкін емес.

Бұл шешімге келер алдында ұзақ ойланып, өзгеріс керек екенін түсіндім. Қайда жүрсем де Реалдың жейдесі, белгісі және Сантьяго Бернабеу әрдайым жүрегімде.

Барлығы үшін рахмет! Осы алаңға тоғыз жыл бұрын келгенде ең алғашқы сөзіммен қоштасайын Хала Мадрид!”.

Осы сәттен бастап Роналду Италиялық клуб “Ювентус” сапында өнер көрсететін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз