Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды

0
25

Аян Дүйсенбаевтың осыған дейін де басы дауға қалған болатын. 2018 жылы Аян Дүйсенбаевтың казинода 1 200 000 долларынан 3 сағатта айрылған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Бұл жолы кезекті шенін алғаннан кейін туған жері – Қызылқоға ауданына барып, ауылдастары ат мінгізген генералдың қуанышы ұзаққа созылмады. Әлеуметтік желіде тараған осы бейнероликтен кейін Атырауға Ішкі істер министрінің орынбасары бастаған арнайы комиссия барып,  бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

“Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызметтік этиканы бұзғаны үшін А. С. Дүйсембаев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды”, – делінген министрліктің хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз