Италияның Террачина қаласындағы Тиррен теңізінің жағалауында төтенше жағдай болды. Жүздеген көрермен әуе шоуын тамашалап тұрған кезде ӘӘК жойғыш ұшағы теңізге құлаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rbc.ru-ға сілтеме жасап.
Италияда Eurofighter Typhoon әуе әскери күштерінің жойғыш ұшағы шоу кезінде Лацио аумағында қорытынды трюктердің бірін көрсетіп жүргенде суға құлады. Сол сәтте көрермендер ӘӘК ұшқышы 36 жастағы Габриэль Орландидің маневрларын тамашалап тұрған.
Ұшқыштың денесін бір жарым сағаттан кейін сүңгуірлер алып шыққан. Алдын ала тараған мәліметтерге сәйкес, ұшқыш ұшақты басқара алмай қалуы мүмкін. Әзірше ұшақтың нақты неге құлағаны белгісіз. Тергеу жүргізілуде.