Жексенбіде Мәскеуге АҚШ-тан еліне қайтарылған дипломаттар мен олардың отбасы мінген ұшақ келіп қонды. АҚШ Сиэтлда Ресей консулдығын жауып, сонымен қатар БҰҰ-дағы тұрақты өкілді де, жалпы олардың отбасымен қоса алғанда 171 адамды еліне қайтарып, Ресейге қарсы ең ірі көлемдегі шара қолданды.
Ресей елшісі А. Антонов: «Бүгін біздің әріптестеріміз, ресейлік дипломаттар АҚШ-тан кетіп барады. Олар – Құрама штаттардың жауы емес. АҚШ билігі өз достарын еліне қайтарып жатыр. Біздің елшілер АҚШ пен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда еңбек етті», – дейді, деп жазады Euronews.
Посол А.И.Антонов проводил коллег и членов их семей, которые покидают сегодня США по решению американской стороны.
.
Ambassador Anatoly Antonov bids his farewell to our colleagues and their family members, who are leaving the American soil today due to a US decision. pic.twitter.com/DJaFfB2zJY— Пос-во России🇷🇺 в США (@RussiaInUSA) March 31, 2018