АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, Иранның Таяу Шығыстағы ықпалына қарсы әрекет ету жайын талқылады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Президент Трамп Израильдің қауіпсіздігіне АҚШ-тың бейілдігін білдірді және қос көшбасшы Иранның зиянды ықпалы мен тұрақсыздыққа әкелетін әрекеттеріне қарсы тұрудағы тығыз қатынастарән әрі қарай нығайтуға келісті, деп жазады Ақ үй.
Трамп пен Нетаньяху аталған жайттарды телефон арқылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты отырысының қарсаңында талқылады.