Лотереядан 521 миллион долларлық ұтыс шықты

0
114
REUTERS / Andrew Kelly

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Джерси штатында белгісіз біреу лотереядан 521 миллион доллар ұтып алды. Бұл туралы FOX News телеарнасы хабарлайды.

Арна таратқан ақпарға сүйенсек, Mega Millions атты лотереяның ұтысты билеті Ривердейл қаласының маңайындағы жанармай бекеттерінің бірінде сатылған. 521 миллион долларлық ұтыс әкелген билеттің егесі әзірше белгісіз.

АҚШ заңнамаларына сәйкес, жолы болған азамат ұтыстың жартысынан көбін (317 миллион доллар) бірден ала алады. Ал барлық соманы алғысы келген жағдайда ұтысты 20 жылдың ішінде бірнеше бөліп алуына тура келеді.


Жеңімпаздың ұтысқа қол жеткізуі үшін билеттің артқы жағына қол қойып, оның екі жақ бетінің көшірмесін алып, қауіпсіз жерде сақтауы тиіс.

Mega Millions лотосын Американың сандық лотереясы десе де болады. 5+1 жүйесінде шарларды айналдыру арқылы ойнатылатын лотереяда ойыншы (нөмірленген) алғаш бес шарды 1 мен 56 сандарының арасынан, ал соңғысын 1 мен 46-ның арасынан дәл табуы тиіс. Ұтысқа ие болу ықтималдылығы 175 миллионда бір болып табылады. Аталмыш лотерея АҚШ-тың 44 штатында және Вашингтон қаласы мен Вирджиния аралдарында танымал.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз