Вашингтон Балтық елдерінің әскерін қаржыландырмақ

0
84
дереккөзден

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Латвия, Литва және Эстонияға «ірі калиберлі оқ-дәрілерді сатып алу үшін» шамамен 100 млн доллар (81,4 млн еуро) бөледі. Сондай-ақ әскери қызметкерлерді дайындауға және жабдықтарды сатып алуға арналған бағдарламаларға 70 млн доллар (57 млн еуро) бөлінеді. Бұл туралы Ақ үйдің таратқан мәлімдемесінде хабарланады.

Бұдан өзге Пентагон жыл сайынғы BALTOPS және Saber Strike әскери оқу-жаттығулары аясында аталған елдердің қарулы күштерімен қарым-қатынасын нығайтпақ ниетте.

Сонымен қатар АҚШ Балтық елдеріндегі серіктестеріне тәуелсіз БАҚ-ты және қоғамдық хабар тарататын корпорацияларды қолдап, жалған ақпарлармен күрес үшін 3 млн доллар (2,4 млн еуро) бөледі.

Атап өтерлігі, наурызда Эстония, Латвия, Литва СІМ басшылары Вашингтонда сол уақыттағы бас хатшы болған Р. Тиллерсонмен кездесті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз