«Қазақстанмен ара қатынасты дамытуға ерекше мән беремін» – Си Цзиньпин

0
104

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстан халқына сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін алғыс білдірді.

Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстанның тату көрші əрі жан-жақты стратегиялық серіктес екенін атай отырып, «Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада зор беделге ие болып отыр. Мен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше мəн беремін, табысты байланыстарымыз бен берік достығымызды қадір тұтамын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін жан-жақты стратегиялық əріптестікке бағытталған Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру жолында Сізбен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенімді білдіремін. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Өзіңізбен тағы да жүздесуді асыға күтемін», – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз