Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев туристер үшін сақтандыру құны тәулігіне 340 теңгені құрауы мүмкіндігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта сақтандыру қызметтеріне деген сұраныс өте төмен. Соңғы 10 жылдағы сақтандыру сыйақыларының ЖІӨ-нің бір пайызынан аспайды. Біз дамыған елдерден ғана емес, көршілерімізден де бұл тұрғыда ұтылып жатырмыз», – деді Ақышев «Сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын көрсете отырып.
Оның айтуынша, заң жобасы сапаны жақсартады және, халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметінің құнын төмендетеді.
«Қазақстандық туристерді қорғау мақсатында заң жобасында шетелдік туристердің мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруға көшу қарастырылған. Туристің сақтандырылуы туроператордың туристің өміріне және денсаулығына зиян келтірумен байланысты негізгі әлеуметтік тәуекелдерді қамтитын міндетті сақтандыру бағдарламаларының бірі бойынша жүзеге асырылатын болады. Қол жеткізудің арқасында сақтандыру құны қымбат болмайды, шамамен күніне 340 теңге болмақ. Сақтандыру кепілі 3,4-тен 17 миллион теңгеге дейін», – деп атап өтті Д. Ақышев.
Сондай-ақ, ол сақтандыру компанияларымен Интернет-ресурстар арқылы кеңсеге немесе сақтандыру агентіне келмей-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін онлайн-сақтандыруды енгізу туралы жоспарлар туралы жариялады. Ақышев онлайн-сақтандырудың негізгі элементі сақтандыру келісімшарттары бойынша бірыңғай дерекқор болатынын атап өтті.
«Туроператордың немесе турагенттің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы қолданыстағы заңнама туристердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік бермейді. Мысалы, қазір туристер шетелден оралғаннан кейін және сот шешімінің негізінде ғана сақтандыру төлемдерін ала алады. Сондай-ақ, зардап шеккен туристердің мүдделерін қорғау үшін сақтандырудың жеткіліксіз көлемі қалып тұр», – деп мәлімдеген Ұлттық банк басшысы жаңа заң жүйесі қолданыстағы жүйенің қателіктерін түзейтінін айтып Үкіметке кепілдік берді.
Сайлаубай Сабина