Қазақстан ілгері басар тың қадам жасады – пікір

0
88

Әзірбайжандық саясаттанушы Эльман Насиров: «Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технологиялар жөніндегі алғашқы саммитін өткізіп, ілгері басар тың қадам жасады», – деді.

«Қазақстан жаһандық қауымдастыққа елеулі үлес қосумен қатар Республиканың беделі артып келеді. Маңызды бастамалар қолға алынып, жоғары дейгейде халықаралық кездесулердің ұйымдастырылуы осының айғағы болып табылады. Ислам мемлекеттері ғылымның дамуына аса мән беруі қажет. Бауырлас мемлекеттер осы бағытта жұдырықтай жұмылса игі бастама болар еді» дейді саясаттанушы 24.kz каналына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, физика және химия секілді ұшқыр ой мен терең білімді талап ететін ғылым саласы бойынша мұсылман мемлекеттерінен тек екі адам Нобель сыйлығының иегері атанған.

Ислам мемлекеттерінің ғылым саласына бөліп отырған қаражаты олардың жалпы ішкі өнімінің 0,8%-ын ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіштерге салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, басқа мемлекеттердің ғылым саласына бөлетін қаржысы едәуір жоғары. Мәселен АҚШ-та бұл көрсеткіш – 2,9%, ал Израильде – 4,4%. Астанада өткізілген саммиттің өзектілігі де осында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз