Түркияда мерзімінен бұрын сайлау өтпек

0
65

Түркиядағы кезекті сайлау мерзімінен бұрын өткізіледі. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 18 сәуірде «ультра консервативтік» Ұлтшыл Қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчелимен кездесуден кейін мәлімдеді.

Мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлау 24 маусымға жоспарланған. Кезекті сайлауға ел президенті Режеп Тайып Ердоған өз кандидатурасын қайта ұсынбақ.

Осы аптаның сейсенбісінде Бахчели Түркияда мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен болатын. Бұған дейін Ердоған елдегі президенттік сайлаудың жоспарланған уақыт бойынша 2019 жылдың 3 қарашасында өтетінін хабарлаған. Бірақ бұл жолы ел үкіметі күтпеген жерден президенттің серіктесінің талабын тексерістен өткізуге шешім қабылдады.

Сайлау уақытының өзгеруі туралы шешімді түпкілікті сайлау комиссиясы қабылдауы тиіс. Дегенмен, Ердоған көрші Сирия мен Иракта болған жағдайды алға тарта отырып, мерзімінен бұрын сайлау өткізі қажеттігін нақтылады.


Ердоған мерзімінен тыс сайлау өткізудің салдарын, 2016 жылғы төңкеріс әрекетінен кейін елде екіұдайлылық елең ала бастағанын және жаңа басқару жүйесіне көшудің аса маңыздылығымен байланыстырды.

Ол сондай-ақ, Сирия және Ирактағы әскери операция аймақтағы тарихи маңызды оқиға екенін, Түркиядағы саяси екіұдайлылықты жою үшін шұғыл шаралар қабылдау керек екендігін атап өтті.

Елдегі ең ірі оппозициялық партиялар – Халықтық Республикалық партиясы және Күрдтер халық демократиялық партиясы мерзімінен бұрын өткізілетін парламенттік сайлауға қатысуға дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде Ердоған басшылыққа қайта сайлануға ниеттілігін білдіріп өз кандидатурасын ұсынды.

Сайлауда Ердоған жеңіске жеткен жағдайда, өткен жылы қабылданған президенттік басқару жүйесіне өту туралы конституциялық реформаның арқасында одан да жоғары билікке қол жеткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз