Кубаның саяси өмірінде үлкен өзгеріс

0
89

Кубада 59 жыл ішінде алғаш рет жаңа басшы сайланды. 59 жыл бойы Кастро әулеті басқарып келген Кубада билік тізгінін алғаш рет өзге тұлға қолына алды.

Куба халықтық жиналысы 57 жастағы Мигель Диас-Канелді Мемлекеттік Кеңестің басшысы етіп тағайындады. 

Бұған дейін Диас-Канель Мемлекеттік Кеңестің Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Сайлауға дауыс беру науқаны аяқталды. Диас-Канель 604 дауыс яғни сайлауда 99,83%-бен жеңіске жетті. Бүгін ол ресми түрде Куба басшысы болып сайланды.

Ол 2013 жылдан бері вице-президент қызметін атқарып келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз