АҚШ ресейлік «Аэрофлот» компаниясына виза беруден бас тартуына байланысты біршама қиындықтарға тап болды. «Аэрофлот» компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, ұшу экипаждары бұдан кейін жалпы негіздер бойынша белгіленген тәртіппен ғана құжаттар алуға мәжбүр.
Авиокомпанияның баспасөз хатшысы Максим Фетисов қазіргі уақытта ұшқыштарға арналған визалардың бірнеше ай АҚШ-қа ұшуға жарайтынын мәлімдеді.
АҚШ-тың шешімі Кремльді де бей-жай қалдырмады. «Әрине біз болған жайтқа алаңдаушылық танытып отырмыз. Бұл ағылшын әріптестеріміздің бірге қарсы қасақана қиындық тудырып отырғаны барлығына белгілі», – деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
АҚШ-тың ресми өкілдері бұл қиындықтарды американдық дипломаттардың Ресейден шығарылғаннан кейін персоналдың қысқаруымен байланыстыратынын мәлімдеді.