Түркіменстанда ақалтеке жылқыларының байқауы өтеді

0
521
дереккөзден

Жыл сайын сәуір айының соңғы жексенбісінде Түркіменстанда асыл тұқымды түркімен жылқысының мерекесі аталып өтеді. Ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың бұйрығына сәйкес, 28 сәуірде Ашхабад қаласында ақалтеке жылқыларының кезекті халықаралық сән байқауы өтеді, деп хабарлайды елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар дәстүрлі түрде суретшілердің, мүсіншілердің, қолөнер шеберлерінің, зергерлер мен фотографтардың, баспа қызметкерлері, дизайнерлер мен телеоператорлардың асыл тұқымды ақалтеке жылқысын өз шығармашылық еңбектерінде бейнелеуіне қатысты байқау өтеді. Байқаудың қазылар алқасы құжат бойынша бекітілген.

Ақалтеке жылқылары арасында халықаралық байқау ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың бастамасы. Соңғы рет Бердімұхамедов ақалтеке тұқымдас жылқыны 2017 жылдың наурызында елге тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке сыйға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз