Өзбекстан Қызылордадан мыңдаған бас түйе сатып алды

0
585
дереккөзден

Өзбекстан түйе шаруашылығын дамыту мақсатында Қызылорда облысынан 1500 бас түйе сатып алды. Бұл туралы УзА ұлттық ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түйелердің көбі сүтті тұқымдастар. «Навои-коракул» ассоциациясының төрағасы У. Халиловтың айтуынша, түйе жайылымына 61 мың 814 гектар жер бөлінген, келесі жылы түйелер әкелінген Тамдын ауданы Оқ тақыр ауылында (Өзбекстан Республикасында – ред) түйе сүтін өндейтін цех ашу жоспарлануда. «Бұл тек жұмыс орындарының санын ғана көбейтіп қоймайды, сондай-ақ халықтың тұрмысын жақсартуға да әсер етеді», – дейді У. Халилов. Түйенің терісі де іске жарайтынын Халилов алға тартты.

Бұдан өзге Канимех ауданында аталған мақсатта 3 мың түйесі бар үлкен аумақ орналасқан. Айдарқұл өзені бойынан да 1000 түйе сыятын жануарлар кешенін ашу жоспарлануда. Аталған кешенде жыл сайын 1000 тонна түйе сүті өндірілетін болады. Болашақта кешенді 10 мың турист келіп тамашалай алатындай заманауи экотуристік орталыққа айналдыру жоспарда бар.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз