21 сәуірде Әзірбайжан Меджлисі жалпы отырысында Новруз Мамедовтың премьер-министрлікке ұсынылған кандидатурасы мақұлданды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Премьер-министрлікке дейін Н. Мамедов Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің ішкі саясат мәселелері бойынша көмекшісі қызметін атқарған еді. Мамедовтың кандидатурасын отырысқа қатысушы барлық 113 депутат қолдады.
Отырыс барысында ел президенті И. Әлиев Әзірбайжан Республикасының енді бұрынғы премьер-министрі Артур Расизадеге алғыс білдірді. Расизаде аталған лауазымды 1996 жылдан бері атқарып келеді.
Новруз Мамедов 1947 жылы Әзірбайжан Республикасындағы Нахичеван автономиясында дүниеге келген. 1997 жылдан бері президент әкімшілігінің сыртқы істер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2012 жылы президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдан бері Әзірбайжан президентінің ішкі саясат мәселелері бойынша көмекшісі – бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
Осы жылдың 11 сәуірінде Әзірбайжанда кезектен тыс сайлау өтті. Сайлау қорытындысы бойынша, 67 % дауыс жинап Ильхам Әлиев жеңіске жетті.