Өткен апта Арменияның премьер-министрі қызметіне кіріскен экс-президент Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) басылымының Еревандағы арнайы тілшісі хабарлады.

Демонстранты несут флаг Армении на акции протеста в Ереване

Саргсянның қызметінен өз еркімен бас тартуына республика көлемінде күннен күнге артып жатқан наразылық шерулері түрткі болды.

Бүгін, 23 сәуір күні, демонстранттарға Ереванның әскери бөлімшелерінің қызметкерлері де қосылды. Бұл ақпаратты елдің қорғаныс министрлігі растап отыр.

Ел астанасы Ереванның түрлі аудандарында наразылық шаралары жалғасын тапты. Ереван университетінің студенттері де демонстранттарға қосылған. Олар таңнан бері оқу орнының бас ғимараты алдында шоғырлануда. Жастар «Жеңіс!», «Қосылыңыздар!» деген ұранмен көшелерді бөгеп, бір күн бұрын қамауға алынған оппозиционер Никол Пашинянның босатылуын талап етті. Ереванның екі жағынан колонна күйінде шеру бастаған жастар Саят Нова даңғылы бойында бірігіп, наразылық акциясын жалғастырды.

Протесты в Ереване

DW-ның хабарлауынша, күні бұрын қамауға алынған оппозиция лидері Пашинян да бүгінгі шеруге қосылған. Оппозиционер премьер-министрдің бірінші орынбасары Карен Карапетянның Бас прокуратураға қолқа салуынан кейін қамауға алынған екі депутатпен бірге босатылған.

Жергілікті масс-медиа құралдарының дерегінше, Пашинян демонстранттармен шерулетіп өтіп, қала орталығына келгенде наразылық білдірушілердің саны 20 мыңға жеткен. Ұрандатқан оппозиционер өз сөзінде күрестің жалғасатынын айта келе, демонстранттардың міндетті түрде мақсаттарына жететінін мәлімдеді. Пашинян алдынғы күндері қамауға алынған наразы жастардың барлығының босатылатынын айтты. «Біз жеңіске жеттік!» деген ол премьер-министрдің бірінші орынбасары Карапетянмен өткен кездесудің қорытындысын Ереванның орталығында өтетін кешкі митингіде айтып беретінін жеткізді.

В Брюсселе обеспокоены ситацией в Армении

Сонымен қатар, Арменияның үлкендігі бойынша үшінші қаласы Ванадзорда тігін фабрикасының қызметкерлері ереуілге шығып, өндірісті тоқтатқан. Қалада студенттер, базарлар мен сауда орындарының жұмыскерлері наразылық шеруіне шығып, қала орталығына дейін жүріп өткен.

Қорғаныс министрі Виген Саркисян әскерилердің демонстранттарға қарсы бір ғана жағдайда күш қолданатынын ескертеді. Оның айтуынша, шерушілерді тарату үшін елде «төтенше жағдай» жариялануы керек. Ал Ішкі істер министрі Эдвард Налбандянның пікірінше, шеруді басудың бір ғана жолы бар: ол – демонстранттармен диалог құрып,  келіссөздер жүргізу.

Каждый день - десятки задержаний )

Арменияда премьерлікке келген экс-президент Серж Саргсянға қарсы наразылық акцияларының жалғасып жатқанына бүгін 11-ші күн болды. Полиция жүздеген азаматты қамауға алып, кейіннен көп бөлігін босатқан болатын. «Барқыт революциясының» ТМД елдеріндегі алғаш инициаторы болып есептелетін Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Ереван билігін «Мәскеуге еліктемеуге» шақырды.

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз