Арменияда оппозиция лидері тұтқындалды

0
86
Никол Пашинян/дереккөзден

Арменияда жексенбіде оппозиция лидері парламент депутаты Никол Пашинян сондай-ақ екі депутат тұтқындалды. Бұл ақпарды Армения билігі растады. Оларға заңсыз жиналыс жасау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылды. Бұдан өзге ел астанасы Ереванда көше қозғалысын бұғаттамақ болған үкіметке қарсы наразылық шеруінің 230 қатысушысы тұтқындалды. Жергілікті полициямен қақтығыс салдарынан бірнеше адам жарақат алған.

Армения премьер-министрі Серж Саргсян және Никол Пашинянмен аталған күні келісілген кездесу орын алмады, деп жазады Euronews. Сайлауда 8 % дауыс жинаған саяси күш халықтың атынан сөйлей алмайды деген Пашинян Саргсянның отставкаға кетуін талап етіп, кездесу орнын тастап шыққан.

Наразылық акциясы Ереванда 13 сәуірде басталды. Оппозиция тараптастары Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның премьер-министр лауазымына тағайындалуына қарсы. Оппозиционерлер Арменияның жақын күндері өзгерген басқару жүйесі және премьер-министрдің рөлін күшейту экс-президенттің ел билігін өз қолында шоғырландырып қалу деген тәтті мұратын білдіреді деп дабыл қағуда. 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз