Елордада мерекеге орай веложарыс өтеді

0
122

1 мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында Астанада «Достық шеруі» атты веложарыс өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жарыс сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда басталып, Астананың сол жағалауымен ұзындығы – 4100 шақырым жерді жүріп өтеді.

Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, 12-ден асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Айта кетейік, алаңда велосипедтерді жалға беру ұйымдастырылады, құны – 500-1000 тг.

Жарыс алдында концерттік бағдарлама өтеді, әр қатысуға энергия мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын жалпы спорттық жаттығулар жасалады. Веложарыс аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз