Қазақстан сөз еркіндігі бойынша бір сатыға төмендеді

0
82
дереккөзден

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық үкіметтік емес ұйымы әлемнің 180 еліндегі сөз еркіндігін бағамдайтын зерттеуді жариялады.

Cа-news таратқан ақпарға сәйкес, рейтингке сай, алғашқы және екінші орындарға Норвегия мен Швеция жайғасты. Нидерланды үшінші орынға шықса, Финляндия төртінші орынды місе тұтты. Бұған дейін Финляндия үшінші орында тұрған еді.

Рейтингте ең төмен көрсеткіш көрсеткен Солтүстік Корея (180 орын). Түркіменстан мен Эритерия сәйкесінше 179 және 178 орындарды місе тұтты. Оңтүстік Корея 2017 жылмен салыстырғанда 63 орыннан 43 орынға көтерілді.

АҚШ екі позицияға төмендеп, 45 орынға тұрақтады.

Мальта 47 орыннан 65 орынға бірақ шықса, Сербия 66-дан 76-ға төмендеді, Словакия 17 орыннан 27 орынға жайғасса, Чехия 23 орыннан 34 орынға шықты.

Рейтинг бойынша Қырғызстан 89 орыннан 98 орынға төмендеді.

Қазақстан сөз еркіндігі бойынша 158 орында, өткен жылғы көрсеткіштен бір саты төмендеген.

Ресей өз позициясын сақтап қалды, 2016-2017 жылдардан бері Ресей сөз еркіндігі бойынша 148 орында.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз