Түркияда жүз мыңдаған бала ақысыз жұмысқа жегілуде

0
151

Түркияның «Türk Eğitim-Sen» кәсіподағы өкілінің мәлімдемесіне сәйкес елде жүз мыңдаған баланың еңбегі ақысыз пайдаланылуда.

Кәсіподақтың мәліметіне қарағанда 2016 жылы 15-17 жас аралығында ақысыз жұмысқа жегілген жас өспірімдердің саны 708 мың адамды құраған, ал 2017 жылы 716 мыңға дейін өскен.

Кәсіподақ кәсіптік оқытуға арналған туризм саласында немесе тағылымдамадан өтуші студенттер аталған сандық көрсеткіштерге кірмейтінін хабарлайды. 

Сондай-ақ, мәлімдемеде Түркияда Сириядан келген мектеп жасындағы 850 мыңға жуық бала бар екені айтылған. Олардың жартысына жуығы – 380 мыңдайы ғана мектепке барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз