Иран: «Вашингтон – келісімге қабілетсіз»

0
96
Иран сыртқы істер министрі - Мохаммад Зариф

АҚШ келісімнен шығатын болса, Иран бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартады. 

Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Франция президенті Эммануэль Макронмен бірлескен мәлімдемесіне Иран сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифтың берген жауабы.

Мұхаммед Джавад Зариф:

«Егер АҚШ атом бойынша келісімді тәрк ететін болса, Иран айқын шаралар қолданып, келісімнен шығады».

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Иран дипломатия басшысы Иранмен жасасқан келісімге Вашингтон тарапының құрметсіздік танытуы басқа келіссөздерге кері әсерін тигізуі ықтимал, атап айтқанда, Солтүстік Кореяның зымыран-ядролық бағдарламасына теріс ықпал етеді деп мәлімдеді.

Мұхаммед Джавад Зарифтың айтуынша, Құрама Штаттар, Дональд Трамп бар әлемге сенімсіз, жасалған келісімге қабілетсіз екендерін көрсетті.


Бұған дейін АҚШ президенті Д. Трамп Иранмен атом қаруына қатысты жасалған келісімшарт 12 мамыр күні өзгертіліп, Иранның зымыран бағдарламасына жаңа шектеулер енгізілмейтін болса, тәрк етемін деп сес көрсетті. Тегеран өз кезегінде бекітіліп қойған келесімшартқа жаңа түзетулер енгізуді қабыл алмады.

Келісімшарт барысында Иран уран байытуды бірден шектейтіндерін және өзінің атом бағдарламасына әлдеқайда қатаң халықаралық шектеулер енгізуге келісетіндерін айтқан еді. Иранның бұл әрекетіне жауап ретінде оған енгізілген санкциялар алынып тасталды.

Трамп Иранмен жасалған атом бағдарламасы туралы келісімшартты «барлық уақыттағы ең нашар мәміле» деп атады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз