«Референдумға мән беретін жағдайда емеспіз» – Лукашенко

0
88
Белоруссия президенті Александр Лукашенко.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко конституцияны өзгерту мен мемлекет басшысының өкілеттілігін шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды: бұл президенттің парламент пен халыққа жолдаған жолдауының басты тақырыптарының бірі болды.

Дегенмен, аталған реформаларды президенттің айтуынша, өте байыппен жасау қажет, конституциялық реформаға да асықпау қажет, деп жазады Euronews.

«Қазір референдумге мән беретін жағдайда емеспіз», – дейді Армения басшысы.

Сәтсіз саяси реформаларға Лукашенко Армениядағы соңғы жағдайды мысалға келтірді. Лукашенконың айтуынша, елдегі дағдарысқа жауапкершіліктің бір бөлігі Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тиесілі.


Еске салсақ, Ереванда 13 сәуірде басталды. Оппозиция тараптастары Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның премьер-министр лауазымына тағайындалуына қарсылық білдірді. Оппозиционерлер Арменияның жақын күндері өзгерген басқару жүйесі және премьер-министрдің рөлін күшейту экс-президенттің ел билігін өз қолында шоғырландырып қалу деген тәтті мұратын білдіреді деп дабыл қақты. Дегенмен, жақында ғана премьер-министр лауазымында қызметіне кіріскен елдің экс-президенті Серж Саргсян наразылық акцияларынан кейін отставкаға кетті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз