Венесуэлада безгек эпидемиясы қаупі

0
116

25 сәуір – Дүниежүзілік безгек эпидемиясына қарсы күрес күні.

2000 жылдың басынан-ақ жыл сайын қауіпті безгек эпидемиясына шалдыққан адамдардың саны жарты миллиартқа дейін жеткен. Соңғы жылдары безгектің алдын алу шаралары бойынша ауру саны біршама төмендеген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұған дейін безкек ауруына ең көп тараған мемлекет Африка деп есептелінсе, эпидемия қазіргі уақытта Венесуэлаға қарай ойысқан.

ДДҰ-да безгекпен күресу жөніндегі жаһандық бағдарламаның жетекшісі Педро Алонсо «Венесуэллада безгек ауруына шалдыққан адамдардың саны жыл сайын шамамен жарты миллионды құрайды. Бұл соңғы жылдардағы әлем бойынша еі жоғарғы көрсеткіш. Және бұл мемлекет тарапынан проблемаға назар аударылмағандығының нақты көрсеткіші», деп мәлімдеді.

2017 жылдың қараша айында халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы Венесуэланың оңтүстігінде безгектің таралуы салдарынан қоғамдық денсаулық сақтау жағдайы күрт төмендегенін жариялады. Дегенмен, мемлекетте безгектің алдын алу шараларын жүргізу үшін қаражат жоқ. Соңғы жылдары Венесуэла азық-түлік пен медицина тапшылығымен бірге өткір әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз