Астана процесінде нәтиже жоқ – Макрон

0
82

Сирия бойынша Астана процесіне Францияның көңілі толмайды. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Вашингтондағы баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Макронның сөзінше, Астана процесі нәтиже бермеді, Сирияны бөлінуге әкеп соқтырады. Дегенмен, Франция президенті Астана процесі Сирияға қауқарлы ықпал ететін аймақтағы маңызды бірқатар елдердің басын қосатындығын алға тартты. БҰҰ бастамасымен өткен Женева процесін президент «өте легитимді» деп атады, деп жазады РИА Новости.

«Азшыл елдердің күш біріктіруі әлеует береді»

Бұдан өзге Макрон «азшыл елдердің күш біріктіруі» Сирия бойынша астана және женева процестерін біртекті ете алады деді.

«Аймақтағы жағдайды тұрақтандыру және Ресей мен Түркияға байланыс каналын ашу үшін жаңа азшыл топ Астана мен Женева арасында көпір бола алады», – деп мәлімдеді француз басшы. Аталған мәселеге қатысты Макронның сөзінше, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Иордания және Сауд Арабиясы соңғы апталарда кеңес өткізуде. «Біз сондай-ақ Түркия және Германиямен келісеміз», – дейді Макрон.


Сирия Араб Республикасындағы қарулы қақтығыс 2011 жылдың наурызынан бері жалғасып келеді. Кикілжіңді тұрақтандыру Астана және Женева келіссөздерінде талқылануда. Сирия бойынша Астана процесінің 9 раунды түйінделді. Соңғы раунд осы жылдың наурыз айында өтті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз