Бердімұхаметовтен өңірге қатысты бастама

0
105
дереккөзден

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаметов Орталық Азиялық мемлекет басшылары Кеңесін құру туралы ұсыныс білдірді.

Аталған бастаманы Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында сөз еткен Г. Бердімұхаметов Орталық Азиялық мемлекет басшылары Консультативті кеңесінің құрылуы тұрақты кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ «күн тәртібіндегі кезекті мәселелерді әр аймақтың елордасында кезекпен талқылау» жүзеге асады.

Түркіменстан ресми баспасөзінің таратқан ақпарына сәйкес, Бердімұхаметовтың бастамасы Орталық Азиялық мемлекет басшылары Астанада кездескеннен кейін жарияланды. Аталған кездесуге Түркіменстан басшысы қатыспады, дегенмен, туған ұлы Сердар Бердімұхаметовтен Қазақстан президентіне жеке хабар жолдаған еді


15 сәуір Астанада Орталық Азиялық басшылар кездесті. Аталған бас қосуға Қазақстан президенті Н. Назарбаев мұрындық болса, кездесу өткізу туралы бастаманы Өзбекстан президенті Ш. Мирзиёев көтерген. Кездесу барысында мемлекет басшылары аталған бесжақты кездесуді жыл сайын Наурыз мейрамының қарсаңында өткізуге келісті. Орталық Азиялық басшылардың кезекті кездесуі 2019 жылы Ташкентте өтеді деп жоспарлануда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз