Корейаралық саммит қарсаңында

0
79

50-ге жуық Сеул тұрғындары ертеңгі өтетін Корейаралық саммитті қолдауға бағытталған шараға қатысты.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Корей Халық Демократиялық Республикасының президенті Ким Чен ЫН 27 сәуірде Пханмунджом демилитаризацияланған келіссөздер пунктінде Корейаралық бірлескен саммит өткізеді.

Кездесу қорытындысы бойынша қос кәріс мемлекеттерінің басшылары бірлескен құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Мюн Чжэн Иин мен Ким Чен Ын серуендеу кезінде бетпе-бет сөйлесіп, саммиттің соңында татулықтың белгісі ретінде ағаш отырғызады.

Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер он жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет өткелі отыр. Соңғы рет корейаралық саммит 2007 жылы күзде өткізілген болатын. Жоғары деңгейдегі корейаралық келісімсөздер алғаш рет 18 жыл бұрын өткізілген болатын.

Корейаралық саммит Корей түбегіндегі шиеленісті шешуге мүмкіндік беретіндіктен қазіргі уақытта әлем саясаткерлерінің назарын өзіне аударып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз