Ауғанстанда лаңкестік жарылыс: 11 медресе студенті қаза тапты

0
79

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласында шет елдік әскери конвойда болған жарылыс салдарынан 11 медресе студенті мен 6 жауынгер көз жұмды.

Жергілікті төтенше жағдайлар өкілі: «Даман провинциясының Кандагар қаласындағы шет елдік әскери конвойда лаңкес өзін-өзі жарып жіберіп, салдарынан 11 медресе студенті мен 6 шет елдік әскери қаза тапты», – деп хабарлайды.

korrespondent.net-тің хабарлауынша жарылыс шет елдік қарулы күштердің базасында орын алған. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, жарылыстың мақсаты НАТО-ның «Мықты қолдау» миссиясы аясында елде орналасқан румыниялық әскерлердің конвойын жою.

Еске саламыз, бүгін Ауғанстан астанасы Қабылда тағы екі лаңкестік жарылыс болды. Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша Қабылдағы алғашқы жарылыста лаңкес мотоциклде өзін-өзі жарып жіберген.

Екінші жарылыс сол ауданда шамамен 20 минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем мен тілшілер келген уақытта орын алған. Лаңкестік жарылыстың салдарынан 22 бейбіт тұрғын мен 7 журналист көз жұмған.

Теракт жауапкершілігін ДАИШ экстремистік ұйымы өз мойнына алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз